Тәжікстан колониясында сотталушылар бүлік шығарып, 30-ға жуық адам мерт болды

Алматы, BAQ.KZ. 19 мамыр күні кешкі сағат 20.30 шамасында Вахдат қаласындағы қатаң режимдегі колонияда сотталушылар бүлік шығарды. Олардың барлығы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының қатарында болғандар, деп жазды Avesta.Tj агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, пышақпен қаруланған бүлікшілер 3 қарауылды өлтірген. Сонымен қатар олар оңалту еңбек колониясының майоры Бурхониддин Муродов, майор Абдуджаббор Халимов  және аға лейтенант Махмуд Асоев аса қатыгездікпен өлтіріп, сотталушылардың біразын кепілдікке алған.

Қылмыскерлер кейін айып изоляторынан 8 сотталушыны босатқан, олар да ДАИШ тобының мүшесі болған көрінеді. Одан соң өзге қамалушылардың зәресін алу үшін 5 сотталушыны өлтірген.

Одан әрі медициналық пунктті өрттеп, қашу үшін колония қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Тәртіп орнату шараларының салдарында 24 бүлікші өлтіріліп, 35-і ұсталған.

Тәжікстан Әділет министрлігінің Жазаны орындау басқармасы бүлікті ұйымдастырғандардың есімін атады. 

Әділет министрлігінің дерегінше, бүлікті ІІМ-нің ерекше мақсаттағы милиция жасағының экс-командирі Гүлмурод Халимовтың ұлы Бехрузи Гүлмурод ұйымдастырған, сонымен қатар Махмадулло Шарипов, Фахриддин Гулов және Рухулло Хасанов та осы тізімде. 

Сондай-ақ, бүлікті ұйымдастырушылардың барлығы 401-бабпен (жалшылық) терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандар, әсіресе ДАИШ террористік ұйымына мүше болғаны үшін.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы