Нұр-Сұлтанда тазарту құрылғыларының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы тазарту құрылғысының құрылысының басталу барысымен танысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. 

Жаңадан салынатын тазарту құрылғысының қуаты тәулігіне 40 мыңнан астам текше метрді құрайды, бұл жауын-шашындық кәріз жүйесінің өткізгіштігін айтарлықтай жақсартады. Қазір сужинақтағыш тоғанды құрғату және жерасты тазарту құрылғысының құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тазарту құрылыстары Ж. Тәшенев, А. Бараев көшелері мен Республика даңғылындағы су басудың алдын алады. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. 

Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады. Су басу қаупі басым жерлердегі мәселені шешу үшін 17 объектінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, сондай-ақ тағы 15 объекті бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы