"Тазалық сақтаңыздар": полиция ақтаулықтарға үндеу жасады

Ақтау қалалық полиция басқармасы тұрғындар мен қала қонақтарына теңіз жағалауында, әсіресе құстарды тамақтандыратын орындарда тазалықты сақтауға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жағалауда серуендеу барысында қоқыс қалдықтары – полиэтилен пакеттер, нан орамдары мен пластик ыдыстар жиі кездеседі. Мұндай қалдықтар жағалаудың көркін бұзып қана қоймай, құстар мен қоршаған ортаға да зиян келтіреді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан тазалық талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Құстарды тамақтандырғаннан кейін қоқысты жинап, арнайы белгіленген орындарға тастау қажет, - деп атап өтті полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары жағалаудағы тазалықты сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы