Тазабеков бұрын сектада болғанын мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткен Ғұламалар кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысына қатысқан «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков өзінің сектада болғанын мойындады.

Бұған дейін сәләфи жолындағы жігіттермен аралас-құралас болғаным рас. Матуриди ақидасына қатысты кейбір күмәнім болатын. Алайда соңғы жылдары оның ең дұрыс сенім екеніне, ата-бабамыз ұстанған жол екеніне көзім жете бастады. Жүрегімдегі ең соңғы күмәндарымның сейіліп, Матуриди ақидасына толық бет бұруыма Наурызбай хазірет себепші болды. Ал таухидті ұстанамыз дейтін сәләфи жолындағы жігіттердің айтып жүргені таза секта екеніне көзім жетті,– деді өз сөзінде Тазабеков.

Ол сонымен қатар «Асыл арна» телеарнасының жабылатынын айтып, оның орнына «Тәлім ТВ» арнасы ашылады деп отыр.

Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде «Халық арна»  жайында сөйлескен болатынбыз. «Егер діни арна ашып жатсаңыздар, «Асыл арнаны» жауып, орнына басқа арна ашамын, ал діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын» деп айтқан болатынмын. Себебі, діни уағызбен Діни басқарманың толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, Діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті. Енді жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне «Тәлім ТВ» деген жаңа атпен жол тартып, әрі қарай әлеуметтік-отбасылық, ғылыми-танымдық, мәдени-ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады, - деді арна басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы