Тазабек астаналық жанкүйерлердің жүрегін тағы да жаулап алды

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу матчы жанкүйерлер үшін ерекше көңіл күй сыйлады. Қазақстан құрамасын қолдауға 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Стадиондағы атмосфераны қыздыра түскен көрерменнің сүйіктісі – алып қуыршақ Тазабек болды. Оның алаңға келуін жанкүйерлер зор қошеметпен қарсы алып, көпшілік Тазабекті елорданың символдарының біріне балап отыр.

Футбол мерекесіне айналған матчта жанкүйерлер ұлттық құраманы бар ықыласымен қолдап, стадионда ерекше энергия қалыптастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы