#TAZAALMATY экологиялық акциясы Көкжайлау шатқалында бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы ҚР премьер-министр Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған жалпыреспубликалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына үн қосып, #TazaAlmaty қала кеңістігін тазарту бойынша жалпықалалық акцияны жариялайды. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайтында жарияланды.

27 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау шатқалын тазарту бойынша #TazaAlmaty экологиялық акцияның алғашқы кезеңін бастайды.

Челленджге қатысушылар ұзындығы 5 км болатын шатқалға соқпақ жолмен көтеріледі. Жол бойындағы қоқыстар жиналады.

Акцияның мақсаты – мегаполисті қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосу және экологиялық мәдениетті дамыту.

Жалпы қаланы қамтитын #TazaAlmaty акция аясында аудандардың ластанған аумақтары тазаратын болады.

Экологиялық акцияға ниет білдірген барлық қалалықтар шақырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы