13 Қыркүйек 2026, 08:54
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды
Оның ішінде 991 тонна тұрмыстық қалдық қайта өңдеуге жіберілді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті.
Акцияға 38 мыңға жуық адам, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, еріктілер, қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.
Іс-шара барысында өзендер мен су қоймаларының жағалауларынан 1,4 мың тонна қалдық жиналып, 586 гектар аумақ тазартылды. Оның ішінде 991 тонна тұрмыстық қалдық қайта өңдеуге жіберілді.
Акцияның негізгі мақсаты – су айдындарының тазалығын сақтау, жағалауларды қоқыстан тазарту және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» аясындағы табиғи аумақтарды абаттандыру және тазарту жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады.