«Таза табиғат»: Қызылордада 20 мыңнан астам көшет отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен іске асырылып жатқан «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасына Қызылорда тұрғындары да белсене қатысты.         

Акцияға Қызылорда облысынан 6 мыңнан астам тұрғын қатысып, жергілікті жерде өсетін 20 мыңнан астам сыр талы, қара ағаш және жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер де акцияға өз үлестерін қосып, Тұңғыш Президент атындағы саябаққа 300-ге жуық ағаш отырғызды.         


 

Іс-шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да қатысты.         


 

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Туған жерді және оның табиғатын қадірлеу – азаматтық парызымыз десек, Өзіміз тұратын ауламызға тал егіп, туып-өскен аймағымызды көгалдандыру өмір салтына әрі күнделікті дағдымызға айналуы тиіс деп білемін. Сыр халқын осы игілікті іске белсене араласуға шақырамын, - деді облыс әкімі. 

 


 

Айта кетейік, алдағы 5 жылда өңірдің табиғатына төзімді 178 млн тал отырғызылады деп жоспарлануда. Бұдан басқа Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне жыл аяғына дейін 1 млн 800 мыңнан аса сексеуіл егілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы