Таза Қазақстан. Жетісу облысының сүңгуірлері Балқаш көлін қоқыстан тазартты
Шомылу маусымы қарсаңында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы ТЖД жеті өзеннің інжу-маржанын Балқаш көлінің жағалау аймағын –су астында тазартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы ТЖД мәлімдеуінше, арнайы бригада мен ТЖД сүңгуірлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұзындығы 10 шақырым және тереңдігі 5 метрге дейінгі Балқаш көлінің аумағы түрлі тұрмыстық қоқыстардан тазартылды. Сүңгуірлер түбінен 360 кг-нан астам қоқыс шығарды.
Құтқарушылар бұдан әрі демалушылардың одан әрі жайлы болуы үшін Жетісу өлкесінің бірегей су айдындарының жағалау аймақтарын тазартуға ниетті.
Осы арқылы «Таза Қазақстан» акциясы барысында жердің беті ғана емес, өзен-көл асты да назардан тыс қалмауы керек» дей отырып, халықты көл жағасы мен су ішінде тазалықты сақтауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы