«Таза Қазақстан»: ШҚО-да көлік жүргізушілеріне экопакеттер таратылды
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Экологиялық шараға жол тазалығы мен сапасына жауапты мамандар да белсене атсалысып жатыр. Олар алдымен тарихи ескерткіш маңайларын тазалап шықты. Сонымен қатар жол қызметкерлері автотрасса бойына шығып, көлік жүргізушілеріне экопакеттер таратты.
Өйткені жолдың екі шеті көлік терезесінен лақтырылған қажетсіз заттарға толып жатады. Соны күн сайын бар болғаны 55 адам өз қолымен жинайды. Сондықтан мамандар жүргізушілерді әдепті әдетке үндеп, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырды.
Көлік жүргізушілеріне бұл ұнап қалды. Бірнеше пакет сұраған жүргізушілер де болды. Көбінесе осы республикалық маңызы бар тасжолдарда жүріп жүрген жүргізушілер автомашина әйнегінен бөтелке, қағаз, мөшек болсын, лақтырып жатады, оны біздің филиал жасап жұмысшылары қолмен жинайды, - деді «ҚАЖсервис» компаниясы ШҚО филиалының бас инженері Айдын Нұралдинов.