"Таза Қазақстан": Қызылжарда 300 тоннадан астам қоқыс шығарылған

Қызылжарда "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарты жылға созылған акцияға бес мыңға жуық ерікті жұмылдырылған. Бүгін Петропавлда “Таза Қазақстан экологиялық жобасының дамуы” атты конференция өткізіліп, аталған жобаның даму жоспары айқындалды. Қатысушылардың айтуынша, бұл акцияның тиімді тұстары көп. Мәселен, елдімекендер заңсыз қоқыс полигондарынан тазартылады. Сондай-ақ, аталған жоба жастарды тазалыққа, мәдениетке баулиды.

Жастар қосылып, елімізді таза ұстауға тырысса, еліміз, жеріміз таза болады. Өйткені, ол ата-бабамыздан қалған аманат. Біз келесі ұрпаққа да осы табиғатты, қаламызды немесе ауылымызды болсын осылай қалдыруымыз біздің парызымыз деп ойлаймын, - дейді қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Гүлбақыт Байбосынова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы