"Таза Қазақстан": Қостанай облысында плоггинг өтті

"Жангелдин ауданы Ішкі саясат бөлімі "ММ "Жастар ресурстық орталығы "КММ  ұйымдастыруымен  "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Қостанай облысындағы Жангелдин ауданында плоггинг шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шараға ауданның белсенді жастары мен ерікті азаматтары белсене қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. ұйымдастырылған іс шара ауыл кіре берісінде өткізілді  және 10 адам қатысты.

Плоггинг — бұл жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық бастама. Қатысушылар таза ауада серуендей жүріп, аудан аумағындағы көшелер қоқыстан тазартты.

Шараның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара соңында қатысушыларға Жастар ресурстық орталығы директоры Е.Қуанышұлы алғыс білдіріліп, марапат қағазын табыстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы