«Таза Қазақстан»: Елордалық жастар колледж аумағын көгалдандырды

Елордада «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында жастар да қала тазалығына үлес қосып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сервис және туризм» колледжінің студенттері экологиялық іс-шараларға қатысты.

«Экологиялық таза ортада үйлесімді өмір сүру» ұранымен өткен шарада колледж бірқатар шаруалар атқарылды.

Аталмыш оқу орнының студенттері жылыжайда мынадай ғылыми жобалар өткізді: «Жабық типтегі жылыжайларда қолданылатын көкөністерді зерттеу және өсіру», «Ағаштардың дендрологиялық қасиеттерін зерттеу», «Өсімдіктердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу әдістері».

Сонымен қатар, студенттер «Бақшадан ас үстеліне» жобасы аясында жылыжайда өсірілген өнімдерден дұрыс тамақтану мәзірін дайындау барысында түрлі көкөністерді консервілеу (қияр, қызанақ), фреш сусындарын, дұрыс тамақтану салаттарын, шпинат, базилик қосылған нан өнімдерін, денсаулыққа пайдалы түрлі құймақ, панкейктерді дайындайды.

«Қалдыққа екінші өмір сыйла» әлеуметтік жобасы аясында жастарға тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып, әртүрлі қолөнер түрінде оларды қайта пайдалану мақсат етіп қойылған.

Экологиялық бағыттағы жұмыс студенттерге табиғи өнімдермен дұрыс тамақтану, экологиялық ортаны ластамай, таза ұстауға, табиғатты қорғауға баулу бағытында азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып саналады.

Сонымен қатар, елордада жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғау, оны аялау сезімдерін ұялату, сонымен қатар, жастарды еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасы аясында елордада биыл 14-35 жас аралығындағы 4200-ден астам жастар жұмыспен қамтылатын болады. Олар қаламыздың құрылыс нысандарында, қала маңындағы «Жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандардың, жалпы білім беру мекемелері мен қалалық саябақтардың аумағында жұмыс істейді.

Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы