"Таза Қазақстан": ел бойынша 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны анықталды

Ішкі істер министрлігі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылғы 15 сәуірден бастап республика көлемінде тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленбеген орындарға тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу мақсатында кең ауқымды акция өткізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция нәтижесінде ел аумағында шамамен 4 мыңға жуық стихиялық қоқыс орны анықталып, 664 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Жергілікті атқарушы органдарға заңбұзушылықтарды жою бойынша 2 834 ұсыныс енгізіліп, соның нәтижесінде 2 295 заңсыз қоқыс орны жойылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 1 419 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы