«Таза Қазақстан» аясында 200 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздегі экологиялық және инфрақұрылымдық жобалар кеңейтіледі. Алдағы уақытта бұл бағытқа 200 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елімізде экологиялық және инфрақұрылымдық жобаларды кеңейту жоспарланып отыр. Алдағы уақытта осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға 200 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделуде. Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ өкілі Нұржан Дүйсебай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, «Жасыл даму» Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыруға белсенді қатысып келеді. Пилоттық жобалар аясында мектептерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылып, ұлттық парктерде де экологиялық инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жүргізілген.
Пилоттық жобалар аясында мектептерде қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылды. Сондай-ақ ұлттық парктерде контейнерлер, ақпараттық материалдар және фандоматтар қойылып, экологиялық инфрақұрылым құру жобалары қаржыландырылд», – деді Нұржан Дүйсебай.
Спикердің айтуынша, пилоттық жобалардың қоғам тарапынан қолдау табуы оларды ел көлемінде жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Енді экологиялық білім беру мен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың ауқымы кеңеймек.
Бұл жобалар қоғам тарапынан оң қолдау тапқандықтан, жұмыстар енді бүкіл ел бойынша жалғасады. Алдағы уақытта еліміздің 15 өңіріндегі 775 мектепте экологиялық білім беру жобаларын, сондай-ақ 5 ұлттық паркте экологиялық мәдениетті дамыту жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр, – деді ол.
Экологиялық бастамалармен қатар, қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жетілдіру үшін өңірлерді арнайы техникамен қамтамасыз етуге де көңіл бөлінуде. Бүгінде Алматы, Шымкент, Ақтау, Рудный, Өскемен, Құлсары, Степногорск қалалары мен Атырау облысында жалпы 131 бірлік арнайы техника сатып алынған.
Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде өңірлерді арнайы техникамен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі таңда Алматы, Шымкент, Ақтау, Рудный, Өскемен, Құлсары, Степногорск және Атырау облысында жалпы 131 бірлік арнайы техника сатып алынды. Бұл техникалар қалдықтарды жинау мен тасымалдау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – деді «Жасыл даму» АҚ өкілі.
«Таза Қазақстан» бастамасы табиғи аумақтарды қорғау және орман өрттерінің алдын алу бағыттарын да қамтиды. Осы мақсатта «Ертіс орманы» және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарына заманауи арнайы техника сатып алынған.
Мысалы, “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватына 75 бірлік, “Семей орманы” резерватына да 75 бірлік заманауи арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, тракторлар және жол талғамайтын автокөліктер бар, – деп атап өтті Нұржан Дүйсебай.
Оның айтуынша, бұл техника табиғи аумақтардағы қауіптің алдын алуға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Бұл техника орман және дала өрттерінің алдын алуға, аумақтарды патрульдеуге және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады, – деді ол.
Алдағы кезеңде экологиялық және инфрақұрылымдық жобалардың санын арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта 200 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу көзделген.
Осындай экологиялық және инфрақұрылымдық жобалардың санын арттыру үшін 200 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр, – деді «Жасыл даму» АҚ өкілі.
Нұржан Дүйсебайдың сөзінше, бұл жұмыстардың түпкі мақсаты – қалдықтарды басқару мәдениетін өзгертіп, оларды қайта пайдалануға болатын ресурс ретінде қабылдауды қалыптастыру.
Жалпы алғанда, біздің алдымыздағы міндет – қалдыққа жай ғана қоқыс ретінде емес, қайта пайдалануға болатын ресурс ретінде қарау мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін мемлекет, бизнес және қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет, – деді Нұржан Дүйсебай.
Оның пікірінше, мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен жұмысы қалдықтарды басқарудың тиімді әрі тұрақты жүйесін қалыптастыруға және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.