"Таза Қазақстан": Астанада 30 мыңға жуық ағаш отырғызылды
Акцияға 1 208 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 230 тонна қоқыс шығарылды.
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп, оған 100 мыңнан астам тұрғын қатысты. Экологиялық бастамаға 2 683-тен астам кәсіпорын, ұйым және мекеме қолдау көрсетті. Бұл туралы Астана әкімдігі мәлім етті.
Қала тазалығына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бизнес өкілдері, еңбек ұжымдары, жастар мен тұрғындар белсенді атсалысты. Қатысушылар аулалар мен қоғамдық орындарды тазалап, көгалдандыру жұмыстарына қатысты.
Акцияға 1 208 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 230 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 2 150-ден астам аула, 220 саябақ пен гүлзар, 78 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы ретке келтірілді.
11 сәуір мен 16 мамыр аралығындағы экологиялық айлық барысында 240 мыңнан астам адам қатысып, 1 200 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Осы уақыт ішінде қалада 30 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.
Елордадағы тазалық пен абаттандыруға бағытталған акция жалғасып жатыр.