"Таза Қазақстан": Ақтөбелік төтенше жағдай қызметкерлері ағаш отырғызды
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Ол Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қызметкерлермен бірлесе, «Құтқарушылар» саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Ал "Таза Қазақстан" акциясының мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» дейтін патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Сонымен қатар сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
Келесі жаңалық
Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер
Өзгелердің жаңалығы