"Таза Қазақстан" акциясына 9 млн адам қатысты
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бастап “Таза Қазақстан” қамқорлығымен бүкіл ел бойынша 874 іс-шара өткізілді.
“Таза кәсіпкер – таза аймақ”, “Киелі мекен”, “Таза өлке”, “Мөлдір бұлақ” сияқты республикалық және “Жер сағаты”, “Халықаралық құстар күні” сияқты халықаралық акциялар шеңберінде 1 млн 414 мың тонна қалдықтар жиналды, тек елді мекендерде 2 млн 400 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 9 млн адамды құрады, оның ішінде еріктілер саны 448 мың адам, - деді Мансұр Ошурбаев ОҚК-да өткен брифингте.
Айта кетейік, цифрландыруды дамыту шеңберінде Telegram@TazaQazBot жұмыс істейді. Бот арқылы елдің әрбір тұрғыны экологиялық мәселелер мен абаттандыру мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алады.
Бот жұмысы басталғаннан бері 22 мың өтінім келіп түсті, оның 21 мыңнан астамы орындалды, ал 242-сі орындалып жатыр. Көбінесе адамдар аумақтарды тазалау, қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру және жаяу жүргіншілер жолын күтіп ұстау туралы хабарлайды, - деді вице-министр.