"Таза Қазақстан" акциясы Маңғыстау облысында жалғасын тапты
18 маусымда Маңғыстау ауданында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жолы "Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Еріктілер тұрмыстық қалдықтарды жинап, ғимарат ішінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акцияға "Жасыл ел" жастар жасағының 20-дан астам жастары белсенді қатысты. Қатысушылар тарихи-мәдени кешенді таза және жайлы ұстаудың барлық демалушылар үшін маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттады.
"Отпан тау" тарихи-мәдени кешені Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауданда "Ыбықты сай" шатқалының, Тобықты жеріндегі "Бекет ата" жерасты мешітінің, "Масат ата" қорымының аумағында, сондай-ақ, Ақмыш пен Шерқалада сенбіліктер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Оңды ауылында 200 ағаш, Жыңғылды және Жармыш ауылдарында 100 ағаш және Шебір ауылында 30 ағаш отырғызылған болатын.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында орналасқан "Қошқар ата" қорымында тазалау жұмыстары жүргізілді. Оған М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері мен Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері қатысты.
"Қошқар ата" қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым жерде солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ Маңғыстау облысының өңірлік маңызы бар киелі объектілерінің тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мұнда 81 тарихи ескерткіш тіркелген.
"Таза Қазақстан" акциясы Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы "Бердібек әулие" қорымының аумағында жалғасты. Акцияға Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының әртістері, Маңғыстау облысы Мемлекеттік мұрағатының ұжымы, сондай-ақ «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты "Отпан" МКҚК ұжымы өз үлестерін қосты.
Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19,5 шақырым қашықтықта орналасқан "Бердібек әулие" қорымы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қорымда құлпытастар, тас қоршаулар және тастан жасалған әртүрлі пішіндер бар. Мұндағы басты нысан күмбезтамның ең ежелгісінің құрылыс тастары жартылай өңделген ұлутастардан саз балшық араластырылып көлденең қаланған.
Бұдан әрі "Таза Қазақстан" акциясы Қарақия ауданындағы "Бозжыра" шатқалының аумағында жалғасты. Жыл басынан бері "Жабайұшқан" мемлекеттік қорығының аумағында орналасқан "Бозжыра" шатқалына әртүрлі елдерден мыңнан астам турист келіп үлгерді. Аймақта туристердің көп болуына байланысты әртүрлі қалдықтар да көп жиналады. Акцияға "Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркі" КММ инспекторлары мен белсенді жастар қатысты. Акция барысында 20 қаптан астам түрлі қоқыс жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді.
Сонымен қатар, "Жабайұшқан" қорығының басшысы Ж.Есенғалиев туристік аумаққа келетін жастарға аумақты таза ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатаң назар аудару, биік шыңдары бар жартастарға жақындамау, барынша қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. "Маңғыстау Эко" үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық хабардарлық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.
«ЭкоRevolut: жарқын болашаққа арналған инновациялар» және "ЭкоВзгляд: Маңғыстау облысындағы табиғатқа қамқорлық" жобалары. Бұл жобалар мыналарға бағытталған:
- қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жақсарту.
- суды пайдалану тиімділігін арттыру.
- облыс тұрғындары арасында экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Осы жобалар аясында Маңғыстаудың бірегей табиғи аумақтарын тазарту бойынша 200-ден астам еріктілердің қатысуымен бірнеше акциялар өткізілді. Жазғы демалыста макулатура жинау бойынша "Эко Школьник" конкурсы іске қосылды және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін «Признание» премиясы белгіленді. Бұл сыйлық алғаш рет 2016 жылы Ақтауда берілді, номинанттар арасында Олжас Сүлейменов пен Маңғыстаудың бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев бар.
Жоспарланған іс-шараларға мыналар кіреді:
- ҚТҚ сұрыптау және жинау бойынша таныстыру акциялары;
- оқушылар арасында суреттер мен бейнероликтер конкурстары;
- тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында Үздік экологиялық тәжірибелер байқауы;
- әлеуметтік желілердегі ақпараттық-білім беру науқандары;
- БАҚ пен блогерлерге арналған конкурстар;
- Осы жылы күзде өтетін табиғаттағы экологиялық акциялар.
Осы іс-шаралардың барлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған "Таза Қазақстан" бастамасына сәйкес келеді.
Жоба " ECOVIBE AKTAU: Белсенділік. Инновация. Қауымдастық". Бұл Ақтау қаласы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоба.
- Ақтауда тұрақты экологиялық және әлеуметтік жауапты орта құру;
- жастар мен қоғамдастықты жандандыру.
- қоршаған ортаны және қоғамдық мүлікті қорғаудың инновациялық тәсілдерін енгізу.
Жоба "Ең жақсы аула", "Ең жақсы кіреберіс", "Ең жақсы тұрғын үй" және "Ең жақсы тазалықшыны" анықтауға бағытталған "Трансформация" конкурстарын, сондай-ақ мобилографтар арасында көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу, энергия тиімділігі, вандализмге қарсы күрес және басқа да экологиялық тақырыптар туралы бейнероликтер жасауға арналған конкурсты қамтиды. "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ барлығын осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырады. Сондай-ақ Маңғыстау облысы үшін неғұрлым орнықты және экологиялық қауіпсіз болашақ құруға өз үлесін қосуға үндейді.