"Таза Қазақстан" акциясы бойынша 100 мың ағаш отырғызылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Акцияға 255 мыңнан астам адам қатысқан.

Акция қорытындысы бойынша республикада 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Ағаш отырғызу биылғы жылдың күз мезгілінде де жалғасады. Елімізде елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспарлары бекітілді Жергілікті атқарушы органдар қалалар мен елді мекендердің аумағында қолайлы орта құрудың маңыздылығын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жұмысын жүргізуде. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құрудың өңірлік жоспарлары бекітілді,-деді Данияр Тұрғамбаев.

Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары жыл сайын 3 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы өткен үш жылда елімізде 10,3 млн ағаш отырғызылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы