"Таза Қазақстан". Абай облысының тұрғындары жоғары белсенділік танытты
Республика көлемінде өтіп жатқан республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына Абай ауданы халқы да белсенді қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аудан көлемінде тазалық жұмыстары, абаттандыру, көркейту шаралары қатар жүргізілуде. Киелі мекеніміздегі тарихи-мәдени орындар, ескерткіштер мен кесенелер аумағы тазартылып, абаттандырылды.
22 сәуірде Қарауыл ауылында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында жолдарды асфальттау және жарықтандыру жұмыстары басталды.
Қарауыл ауылында Мамай көшесі мен Тоқтамыс көшесін асфальттау жұмыстары басталды. Бұл жұмыс мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Тоқтамыс көшесінде 73 жарық шамын орнатуды көздеп отырмыз, мамыр айының соңына дейін жұмыстар аяқталады, - дейді Қарауыл ауылдық округінің әкімі Ерік Дүйсенбеков.
Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің туған жеріндегі "Бөрілі" мұражайының аумағында да сенбілік өтті. Қасқабұлақ ауылдық округінің тұрғындары, белсенді жастар мен мұражай қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштарды әктеді.
Республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында апта сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда, тарихи және киелі орындар абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Аудан тұрғындарына, ауқымды іске ұйымшылдықпен қатысқан қоғам белсенділеріне алғысымды білдіремін. Алдағы сенбіліктерде де осылай береке-бірлігімізді көрсетейік, - дейді аудан тұрғыны Құсман Берлешов.
"Тазалық мәдениеті": "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы Абай облысының Мақаншы ауданында жалғасуда. Жалпы аудандық сенбілік Мақаншы ауданының "Айдынды-Алакөл" жағалауында өтті.
Акцияға 11 ауылдық округтен және ауданның барлық мекемелерінен 500-ден астам адам қатысып, 28 гектар аумақты тазартты. Нәтижесінде жалпы 40 тонна қоқыс шығарылды, шамамен 5000 метрге жуық қоршаулар боялып, әктелді.
Алдағы Айдынды-Алакөл жағалауындағы туристік маусымға толық дайын болу үшін сенбіліктер мамыр айында да жалғасады.
Осындай сенбілік шараларымен қатар, аудандық коммуналдық мекемелердің қызметкерлері жыл бойы Алакөл көлінің жағасында да тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Акцияға қатысқан еңбек ардагері Нағима Жақиянова, жалпы аудандық сенбіліктен тыс қалмауға шешім қабылдаған. Ол өз кезегінде бірлескен жұмыс халықты біріктіріп қана қоймай, тазалық жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Көптің аты көп. Көпшілік біріксе, ең қиын деген шаруаның өзін атқарып тастайды. Аудан халқы болып жұмылып, таза жерде өмір сүруді әдетке айналдыруымыз керек, - деп бөлісті Нағима Сапарханқызы.
Шараға белсенді қатысқан мәдениет қайраткері Айжарық Әбілқасымов мәдениет тұтастай алғанда тазалықтан басталатынын атап өтті.
Бірінші кезекте ауданымыздың құрылғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Мақаншы ауданы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесін алды, соның арқасында біз осындай бастамаларды барынша тиімді ұйымдастырып, жүзеге асыра аламыз. Сенбілікке қатысудың өскелең де, аға буынның да тәрбиелік әсері зор екенін ерекше атап өткім келеді. Өскелең ұрпақ тазалық бірінші кезекте өз үйінен басталатынын және айналадағы тазалық ой тазалығын білдіретінін есте ұстауы қажет, - деп атап өтті Айжарық Әбілқасымов.
Қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруға ынталы қатысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің белсенділігі жоғары болды. Қатысушылар аудан тазалығына үлес қосып, әрі отбасы мен жақындарымен таза ауада тиімді уақыт өткізді.
Абай облысының Курчатов қаласында «Жасыл аймақ» апталығына белсене қатысты.
"Таза қаладан жасыл планетаға дейін". Курчатов қаласында осындай атаумен республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Жасыл аймақ" апталығы өтті.
Жастар ресурстық орталығының директоры Айжан Мұсатаева "Жасыл аймақ" апталығының бірінші күнінде жастар мен мекемелер ұжымдары ғана емес, зейнет жасындағы ардагерлер де сенбілікке келгенін айтты. Курчатовтықтар көшелерді, скверлерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды абаттандыру барысында ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді.
42 ұйым мен кәсіпорын өкілдері техниканың күшімен қаланы 40 тонна қоқыстан тазартты.
Акция басталғалы табиғат жанашырлары тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазартты. Бір күнде 1000-нан астам белсенді тұрғындар Курчатов қаласын тазалауға қатысты.
Жастарымыз өз елінің патриоттары ретінде осы акцияға белсенді қатысып жатыр. Апта сайын өтетін сенбіліктерге қатысу арқылы қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экологиясын жақсартуға атсалыса алатынымызға сенімдімін, - дейді Айжан Мұсатаева.
Бір күнде 1000-нан астам белсенді тұрғындар Курчатов қаласын тазалауға қатысты.
Қаламыздағы сенбілік шараларына жастардың белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әрине, біз, ардагерлер де, қалыспауға тырысамыз. Өйткені қоршаған ортаға қамқорлық - бұл біздің болашақ өмірімізге қамқорлық. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, көгалдандырып, Жер шарын таза әрі жасыл планетаға айналдыруға атсалысамыз, - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Жұмаділов.
Абай облысының Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтуде. Акция басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартуда.
Ал жалпыаудандық сенбілікте 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды. "Жасыл аймақ" апталығы ағаш отырғызуға арналды. Аудан орталығында үшін 500 түп ағаш отырғызылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда, тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыруды, жасыл аймақ құруды бастадық. Мысалы, бір ғана Аягөз қаласын көгалдандыру үшін 500 ағаш отырғызылды. Біз осы бағытта жұмыс істей береміз! - дейді Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Гүлнар Әбуталипова.
Аудандық мәслихат депутаты Айдар Нәдірбай да тұрғындардың, мекеме өкілдерінің тазалық акциясындағы белсенділігін ерекше атап өтіп, 6 мыңға жуық адамның сенбілікке қатысуы экологиялық сауатты қоғамның белгісі деген пікір білдірді.