Кеше 2026, 21:19
Фото: Астана қаласының әкімдігі
"Таза қала" акциясы: Астанадаэкоакция аясында 100 тонна қоқыс шығарылды
Қатысушылар аулалар мен көшелерді, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Таза қала» сенбілігіне 30 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға тұрғындар, коммуналдық қызметтер, бизнес өкілдері, еріктілер мен студенттер жұмылдырылды. Сонымен қатар 2 200-ден астам ұйым қатысып, 900-ден аса арнайы техника тартылды.
Акция барысында 1232 аула тазартылып, қаладан шамамен 100 тонна қоқыс шығарылды. Қатысушылар аулалар мен көшелерді, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Қала әкімдігі ел тұрғындарын экологиялық айлыққа белсенді қатысуға шақырды.