«Таза парктер» акциясы аясында саябақ тазартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында «Киелі Табиғат» жобасына бастау берді. Аталған жобаны Ақтөбе облысының «Жас Ұлан» ұйымы қолдап, мамыр айының әр сенбісі ағаш отырғызу, көлдердің жағалаулары мен саябақтар тазалаумен жалғасуда. 

2021 жылдың 13 мамыр күні «Таза парктер» акциясы аясында «Пушкин» саябағын тазарту жұмыстарын жүргізді.


 

«Пушкин» саябағын тазарту жұмыстарын жүргізуге «Қалалық оқушылар Сарайының» ұйымдастырушы-педагог мамандары және Көкжиек клубының 50 аға тәлімгері жүргізді.


 

 Сонымен қатар 15 мамыр күні Мұғалжар,Қарғалы,Ырғыз аудандарында акция өз жалғасын табады.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы