2,5 млн адам таза ауызсуды пайдалана алмай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров ауылдық елді мекендердің 51%-ы бұрынғыша таза ауызсуды пайдалана алмай отырғанын айтты.
2011 жылдан бері сумен жабдықтау және су тарту жобаларын жүзеге асыруға бюджеттен жалпы 589 млрд теңге бөлінген. 1,2 трлн теңге бюджет қаржысы жұмсалған "Ақ бұлақ", "Ауыз су" бағдарламалары халықты барынша орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтуы тиіс еді (ауылдық жерлерді – 80% дейін, қалаларда – 100%). Алайда, ауылдық елді мекендердің 51%-ы бұрынғыша таза ауызсуды пайдалана алмай отыр. Бұл дегеніміз – 2,5 млн адам немесе халықтың 13%-ы.
Республикадағы 87 қаланың 58-інде ғана кәріздік тазалау ғимараттары бар және олардың көпшілігі апаттық жағдайда. Қожамжаровтың сөзінше, 29 қалада олардың болмауы себебінен су ағындылары қоршаған ортаға таралып жатыр.
Елде гидротехникалық ғимараттар мен топталған су құбырларын қайта құруға бағытталған 50 жобаның 29-ы пайдалануға беру мерзімін 1 жылдан 10 жылға дейін кешіктірген. Қарағанды облысында 10 жылдан бері "Жайрем-Каражал" топталған су құбыры салынып жатыр. Алайда, су құбырларын орынсыз жобалау мен сапасыз құрылыс салдарынан әлі күнге дейін пайдалануға берілмеді. Нысан құны 830 млн теңгеден 6,7 млрд теңгеге дейін қымбаттап, 8 есе өсті. Осыған ұқсас фактілер Павлодар (құны 5,5 млрд теңге Май су құбыры) Түркістан (құны 1,5 млрд теңге Магистрал каналы), Жамбыл облыстарында (құны 550 млн теңге Талас бөгені мен магистрал каналы) кездеседі.
Ол президенттің қыркүйектегі Жолдауында бюджеттен үш жылда халықты сумен қамтуға 250 млрд теңге бөлінгенін айтап өтті.
Үкіметтің кепілдендіруімен Азия даму банкі Қазақстанның төрт облысында суландыру жүйелерін қалпына келтуріге $250 млн (97 млрд тенге) бөліп отыр. Төрт мыңнан астам гидротехникалық ғимараттардың құрылысы мен қайта құруға, каналдарды жөндеуге, суды тұщыландыру бойынша инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Үкімет қаржының мақсатты жұмсалуын бақылауды қатаңдатуы қажет. Өкінішке қарай, қазанда экология министрі игермеу себебінен сумен жабдықтау жүйелері құрылысын қаржыландыру сомасын 10 млрд теңгеге қысқартты, - деді ҚР Паралмент Сенатының депутаты.
Қожамжаров баяндамасында соңғы үш жылда құқық қорғау органдарымен бірлесе су ресурстары саласында жалпы 5 млрд теңгеден астам залал әкелген 102 қылмыстық құқықбұзушылықтар анықталып, 30 адам сотталғанын айта кетті.