Тайваньның оңтүстігінде жарылыс болды
Цзяй қаласында жексенбіге қараған түні ғибадатхана жәрмеңкесінде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Цзыю шибао» газетінің жазуынша, жарылыс кезінде 17 адам жарақат алған, олардың арасында үш бала бар, ең кішісі екі жаста.
Жәрмеңкеге 20 мыңға жуық адам қатысқан. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс сахна жанындағы қоқыс жәшігінің бірінде бастау алған. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр. Мамандардың пікірінше, электр генераторларының жарылуы әсер етуі мүмкін.
Еске салайық, Цзяй қаласының полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер бақылауға алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қосшыда жанып жатқан пәтерден алты адам құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы