Тайваньда 6,9 балдық зілзала болды

Тайваньда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты 6,9 балға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жер сілкінісінен опат болғандар жоқ. Бірақ бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Бір ғимарат жартылай опырылып құлаған. Жер сілкінісі салдарынан пойыз рельстен шығып кетті. 7 мың үй жарықсыз қалды.

Сейсмологтар бұл биыл Тайваньда тіркелген ең ірі зілзала екенін айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы