Тайвань Қытай қысымына жауап беріп, егемендігін қорғайтынын мәлімдеді
Қытайдың ауқымды әскери жаттығуларынан кейін Тайвань билігі аралдың қауіпсіздігі мен дербестігін қорғауға дайын екенін жариялады. Бұл туралы Eronews жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытайдың ауқымды әскери жаттығуларынан кейін Тайвань билігі аралдың қауіпсіздігі мен дербестігін қорғауға дайын екенін жариялады. Бұл туралы Eronews жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тайвань президенті Лай Циндэ жаңа жылдық жолдауында елдің егемендігі мен еркіндігін табанды түрде қорғайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Пекиннің "экспансионистік ниеттерінің" күшеюі халықаралық қауымдастықтың назарын Тайвань қоғамының өзін-өзі қорғау дайындығына аударып отыр.
Президент өз ұстанымының өзгермейтінін атап өтті. Ол — ұлттық егемендікті сақтау, қорғаныс әлеуетін күшейту және мемлекеттің тұрақтылығын арттыру.
Бұл мәлімдеме Қытай қарулы күштері өткізген кезектен тыс әскери жаттығулардан кейін жасалды. Жаттығулар барысында аралды блокадаға алу сценарийі пысықталған. Маневрлерге құрлық әскерлері, әскери-теңіз күштері, авиация және зымыран бөлімшелері қатысқан.
Сарапшылар мұны Пекиннің Тайбэйге бағытталған әскери қысымды күшейтуі деп бағалап отыр.
АҚШ-тың қару-жарақ сатуы және қорғаныс бюджеті
Қытай жаттығулары АҚШ-тың Тайваньға 11 млрд доллар көлеміндегі қару-жарақ сату туралы шешімінен бірнеше күн өткен соң өтті. Бұған қоса, Тайвань билігі қорғаныс саласын нығайтуға қосымша шамамен 40 млрд доллар бөлуге ниетті екенін мәлімдеген.
Қытай Тайваньды өз аумағы деп есептеп, күш қолдану нұсқасын жоққа шығармайды. Ал Тайбэй іс жүзіндегі тәуелсіздігін, демократиялық жүйесін сақтауды басты мақсат деп санайды.
- Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды 04:26
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026