Тайландта екі катер соқтығысып, 21 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 10 ақпанда Пхукет аралында (Таиланд) екі катер соқтығысты.
СІМ хабарлауынша, бір катерде тай экипажы, екіншісінде - 39 ресейлік турист болды.Таиланд құзыретті қызметтерінің ақпараты бойынша, ауруханаларға 21 ресейлік азамат пен Таиландтың үш азаматы жеткізілді. Бірнеше адам ауыр жағдайда.
Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
РИА Новостидің мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан Пхукет ауруханасында ресейлік екі бала қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы