Бүгiн 2026, 14:45
Фото: Khaosod
Тайландта автобус аударылып, 40-тан астам адам жарақат алды
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рулде ұйықтап кеткен.
Тайландтың оңтүстігіндегі Транг провинциясында автобус аударылып, салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Khaosod газетіне сілтеме жасап.
Оқиға жексенбіге қараған түні болған. Автобус Пхукет – Бетонг бағытымен келе жатқан. Көлікте барлығы 52 адам болған, оның ішінде 10-нан астам жолаушы ауыр жарақат алған.
Газет мәліметінше, жол апаты жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуінен болуы мүмкін. Алайда ол құқық қорғау органдарына мотоцикл жүргізушісі алдынан шығып, жолын кесіп кеткенін айтқан. Бірақ бұл нұсқаны оқиға орнына жақын жүрген патруль қызметкері жоққа шығарып, ешқандай мотоцикл көрмегенін мәлімдеген.
Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.