Тайландтағы 81 қазақстандықпен байланыс орнады
Астана, baq.kz. Тайландта «Пабук» тропикалық дауылы елдің оңтүстік аймағына келіп жетті.
24.kz арнасының хабарлауынша, оның қарқыны сағатына 80 шақырымға дейін жетеді. Бір адам қаза болды.Накхон Си Тхамарат аймағында түсірілген бейнежазбадан көрінгендей, алпауыт су толқындағы жағаны алып кеткен. Синоптиктер табиғаттың тосын мінезі лай көшкінін тудыруы мүмкін екенін айтады. Болжам бойынша, лай көшкіні жұма күні кешкісін жүреді деп күтіледі.
Соңғы бірнеше күнде Накхон Си Тхамарат аймағынан 6 176 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тайландтағы төтенше жағдайға байланысты, Қазақстанның консулы Самуи, Пхукет және Паттаядағы қонақүйлерге хабарласып, қауіпті аймақтағы Қазақстанның 81 азаматымен байланысқа шықты. Дипломаттар үнемі олармен байланыста болып, төтенше жағдайда шұғыл әрекет етудің жолдарын түсіндіруде. Дей тұрғанмен, турагенттіктің көмегінсіз өздігімен Тайландқа қыдырып кеткендер саны көп. Сондықтан олардың барлығы дер кезінде Қазақстанның елшілігімен байланысқа шығулары қажет. Сонда ғана дипломаттар тиісті көмек көрсете алады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тайландта қанша қазақстандық демалып жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жас Отан: «Кел, шәй ішейік»
Өзгелердің жаңалығы