Таяу шығыстан елімізге есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы Таяу шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында бір топ адам ұсталды, олардың қатарында Мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар. 

15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап «трамадол» апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы