2 Қазан 2024, 15:54
Фото: - архив
Таяу Шығыстағы жағдай: СІМ елдерді күш қолданудан бас тартуға шақырды
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты алаңдап отыр.
Біз барлық қатысушы тарапты сабырлық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасын болдырмай, өңірде кең ауқымды соғысқа әкелуі мүмкін жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермес үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осы жағдайға байланысты келіспеушіліктерді реттеуді БҰҰ Жарғысы аясында тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеп, жедел шаралар маңыздылығын атап өтеміз, - деді Смадияров брифингте.
Еске салайық, 1 қазанда Иран Израильге көптеген зымыран ұшырып, шабуыл жасаған болатын. Израильдің сыртқы істер министрлігі зымыран шабуылын бұрын-соңды мұндай болмаған деп бағалады.
- Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай бағасын шарықтатты: Brent 100 долларға таяды 08:10
- Бүгін үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі 07:50
- Мұнай өңдеу зауытында өрт: Қызылордада 120 тонна мұнай өнімі өртенді 07:42
- Тоқаевтың Ресей-Украина қақтығысын «мұздату» туралы ұсынысы келіссөздерде талқылануы мүмкін бе? Халықаралық сарапшы пікірі 07:30
- Трамп Нью-Мексико штатының атауын «Жаңа Америка» деп өзгертуді ұсынды 07:18
- Әлемдегі алғашқы күн энергиясымен жұмыс істейтін жедел жәрдем көлігі Африкада сәтті сынақтан өтті 06:47
- Непалдағы көшкіннен қаза тапқандар саны 1355 адамға жетті 05:17