Таяу Шығыстағы жағдай: Қазақстанға әсері қандай?
Экономист Мақсат Халық елдер арасында қақтығысты саралап, Қазақстанға әсері туралы айтты.
Экономист Мақсат Халық Таяу Шығыс елдеріндегі соңғы ахуалға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экономист елдер арасында қақтығысты саралап, Қазақстанға әсері туралы айтты.
Таяу Шығыс – әлемдік мұнайдың негізгі орталығы. Әсіресе Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20%-ы өтеді. Аймақтағы кез келген шиеленіс мұнай бағасын өсіріп, әлемдік инфляцияны күшейтеді, - дейді ол.
Ал Қазақстан үшін әсері екіжақты әсері бар дейді ол.
Мұнай бағасы өссе – бюджет кірісі артады, Ұлттық қорға түсім көбейеді деген оң ықпалы болса, инфляция үдейді, импорт қымбаттайды, теңге құбылуы секілді қауіптер бар, - дейді экономист.
Қысқа мерзімде өсім тиімді болуы мүмкін. Ал ұзақ мерзімде құбылмалылық экономикаға қысым түсіреді.
Тағы оқи отырыңыз: Неліктен АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады және соғыс қанша уақытқа созылуы мүмкін? АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысынан туындаған соғыс Таяу Шығысқа жайылды.