Таяу Шығыстағы жағдай: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі кезектен тыс отырыс өткізеді
Бұған дейін Антониу Гутерриш аймақтағы шиеленістің күрт күшеюін айыптаған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты кезектен тыс отырыс өткізеді. Жиын Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 16:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шұғыл шақырылымның бастамашылары қатарында Франция, Бахрейн, Колумбия, Қытай және Ресей бар. Кездесуде аймақтағы әскери қақтығыстардың өршуі, халықаралық қауіпсіздікке төнген қатерлер және жағдайды тұрақтандыру жолдары талқыланбақ.
Бұған дейін Антониу Гутерриш аймақтағы шиеленістің күрт күшеюін айыптаған болатын.
Мен Таяу Шығыстағы бүгінгі әскери шиеленісті айыптаймын. Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Иранға қарсы күш қолдануы, сондай-ақ Иранның бүкіл аймаққа қарсы шабуылдары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізін бұзады, – деді ол.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл шаралар жоспарын ұсынуды тапсырғаны хабарланған еді.
Аймақтағы жағдай халықаралық қауымдастықтың жіті назарында қалып отыр.