16 Маусым 2025 2025, 00:31
Фото: pixabay.com
Таяу Шығыстағы қақтығысқа АҚШ та араласуы мүмкін
Себебі Израиль кейінгі 48 сағат бойы АҚШ президенті Дональд Трампты Иранға қарсы әскери қимылдарға қосылуға шақырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Себебі Израиль кейінгі 48 сағат бойы АҚШ президенті Дональд Трампты Иранға қарсы әскери қимылдарға қосылуға шақырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Axios басылымының хабарлауынша, екі елдің бірігуі "Иранның ядролық бағдарламасын жою үшін" қажет.
Басылым екі жоғары лауазымды израильдік дереккөзге сілтеме жасай отырып, Израильде Иранның Фордоудағы жерасты уран байыту зауытын жоюға қажетті бункерлер мен ірі бомбалаушы ұшақтар жоқ, ал АҚШ-та бар деп хабарлайды.
13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағына жаппай соққы жасаған. Оған жауап ретінде Тегеран жүзден астам дронды Израиль бағытына ұшырған. Иран Натанздағы ядролық нысанның зақымданғанын растаған. Енді екі тараптың арасындағы соғыс бүкіл әлем назарын аудартып отыр.