Бүгiн 2026, 06:23 Фото: BAQ.KZ коллажы

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 20%-ға өсті

Дүйсенбі күні сауда барысында Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 20%-ға қымбаттап, барреліне 111 доллардан асты.

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыстың күшеюі аясында шамамен 20%-ға өсіп, 2022 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның күрт өсуіне жеткізілімдердің қысқаруы және Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының бұзылуы туралы қауіп себеп болған. Бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бір бөлігі өтеді.

Дүйсенбі күні сауда барысында Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 20%-ға қымбаттап, барреліне 111 доллардан асты. Ал West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы 106–111 доллар аралығына дейін көтерілді.

Өткен аптада Brent бағасы 27%-ға, ал WTI 35%-дан астамға өскен. Сарапшылар Таяу Шығыстағы шиеленіс жалғасса, жанармай бағасының әлем бойынша тағы да өсуі мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар мұнайдың ірі экспорттаушысы Сауд Арабиясы Қызыл теңіз арқылы жеткізілімдерді арттыруға тырысуда. Алайда бұл көлемдер Ормуз бұғазы арқылы тасымалдың қысқаруын толық өтей алмайды.