Кеше 2026, 21:20
Фото: pixabay.com
Таяу Шығыстағы дағдарысқа байланысты Үндістанда сұйытылған газ бағасы көтерілді
Үндістан үкіметі мұнай өңдеу компанияларына LPG өндірісін арттыруды тапсырды.
Үндістандағы компаниялар ішкі нарықтағы тұтынушылар үшін сұйытылған мұнай газының (LPG) бағасын шамамен бір жыл ішінде алғаш рет көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бағаның өсуіне АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жүргізіп жатқан әскери операциясы себеп болған. Соның салдарынан Таяу Шығыстан жеткізілетін энергия тасымалдаушылардың жеткізілімі бұзылып, әлемдік нарықта баға өсіп отыр.
Үндістандағы LPG өндіру және сату бойынша ең ірі компания — Indian Oil Corp Дели қаласында салмағы 14,2 килограмм болатын газ баллонының бағасын 7%-ға көтеріп, 913 рупийге (9,93 доллар) дейін жеткізді.
Сонымен қатар басқа да мемлекеттік компаниялар — Bharat Petroleum Corp және Hindustan Petroleum Corp та бағаны арттырды.
Жұма күні Үндістан үкіметі елде газ тапшылығының алдын алу үшін мұнай өңдеу компанияларына LPG өндірісін ұлғайтуды тапсырды.