Кеше 2026, 23:40
Фото: istockphoto
Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Иран АҚШ-қа ескерту жасады
Иран АҚШ-тың маңызды нысандарына жақын арада жаңа соққылар жасауы мүмкін екенін мәлімдеді.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Маджид Мусави бұл туралы айтып, қазіргі таңда америкалық радарлар мен логистика жұмысына іркілістер байқалып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның сөзінше, АҚШ тарапынан шығындар да артып келеді.
Иранның барлау және соққы беру операцияларындағы басымдығын ескерсек, АҚШ-тың Иран шекарасынан шегінуден басқа амалы жоқ. Америкалық ұшақтардың, жанармай тасымалдаушы танкерлердің қалдықтары мен қираған ангарлар – соның дәлелі. Жақын арада бұл тізімге тағы да маңызды нысандар қосылады, – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.