Кеше 2026, 22:51 Фото: pixabay

Таяу Шығыс елдеріне әуе рейстері 10 наурызға дейін тоқтатылды

Air Astana Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді уақытша 10 наурызға дейін тоқтатты.

Air Astana Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana компаниясы Дубай, Жидда, Медина және Доха қалаларына тұрақты әуе қатынасын 10 наурызды қоса тоқтататынын хабарлады.

Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, ал аталған қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды. Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді, – деп жазылған хабарламада.

Әуе компаниясы Таяу Шығыс аймағындағы жағдайды қадағалауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдайды.