Таяу Шығысқа Sputnik V вакцинасы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Палестина «Спутник V» вакцинасының 10 мың дозасын алды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл автономиялық мемлекетке жеткізілген алғашқы екпе. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, аталған мөлшер 5 мың тұрғынға салуға жетеді.

Сондай-ақ, Палестинаға осы айда Қытай және батыс вакциналары келуі тиіс. Бұдан басқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кедей елдерге арналған «Ковакс» бағдарламасы аясында 37 мың доза жеткізілмек. Айта кетейік, Палестина аумағында 5 миллионнан астам халық тұрады. Індет басталғалы 2 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 150 мыңнан астамы коронавирус жұқтырған.

Барлық тұрғындарды екпе салдыруға шақырамын. Әйтпесе елімізде өлім-жітім көбейіп кетті. Өз басым вакцина алуға қазірден дайынмын, - дейді қала тұрғыны Диаа Абу Зеина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы