Таулы Қарабақта тағы атыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері жақында әзербайжандық әскерилер олардың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді.
Бұл туралы zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды, - делінген хабарламада.
Әзербайжан тарапы аталмыш жағдай туралы түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең елордада автобустар жүрмейді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы