Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы тағы да мәлімдеме жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Аталған мәлімдемеге Әзербайжан Республикасының Президенті Әлиев, Армения Республикасының Премьер-министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті қол қойған. Онда 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттерді толық тоқтату туралы келісім жарияланған. 

Ресей Федерациясының бітімгершілік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс сызығы бойында және Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойында орналасады. 

Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ аумағына және оған іргелес аудандарға қайтарылады. 

Екі ел әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беретін болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы