19 Маусым 2023 2023, 19:05
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Тәулігіне 8 мыңнан астам көлік қатынайтын көпір жөнделді
СҚО-да Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің асфальт қабаты жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
СҚО-да Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің асфальт қабаты жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жолшылар республикалық маңызы бар Р-49 "Петропавлдың айналма жолы" (Подгора ауданы) автожолын қалыпқа келтірді.
Мамандар жаңа асфальт жабынын төсеп, жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ескі тосқауыл қоршауларын жаңасына ауыстырды.
Сонымен қатар көпір элементтерін бояп, жол таңба сызықтарын жаңартты. Көпір жергілікті тұрғындар үшін маңызды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес бұл көпір арқылы тәулігіне 8 мыңнан астам көлік қатынайды.