"Тауға шықпаңыздар": ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Алматы қаласында 2025 жылғы 23-24 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжанып отыр. Осыған байланысты қаланың іргелес таулы аудандарында көлбеу ағындардың пайда болуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Әсіресе жеке тұрғын үй иелеріне жаңбыр суын дұрыс ағызу үшін дренаж жүйелерін тексеріп, әзірлеуге кеңес беріледі.
Туристерге, Алматы қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шығуды тоқтатуды ұсынамыз, – делінген ТЖД баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Құтқарушылар таулы жерлерде лай көшкіні мен сел жүру қаупі бар екенін ескертіп, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Ауа райының тұрақтанғаны туралы қосымша ақпарат кейінірек ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
G7 елдері Ресейге санкцияны күшейтетінін ескертті
Өзгелердің жаңалығы