Тауға шығып, адасып кеткен жасөспірімдер табылды
ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Алматы облысы Іле Алатауы тауында "Лесной" асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тез арада ТЖМ "РЖҚЖ" жедел тобы шақырту орнына шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті, - деп атап өтті Төтенше жағдайлап министрлігінен.
Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бельгияда атыс болды: Қаза тапқандар бар
Өзгелердің жаңалығы