Тәуелсздік-30. Венада көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында тақырыптық көрме ашылды.

Онда бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттардың, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығының, көшірмелері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша балалардың суреттері ұсынылған.

Көрмеде полигонның қызметіне және жабылуына қатысты бейнероликтер мен сирек кездесетін фотосуреттер, сонымен бірге полигон тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты деректі фильмі көрсетілуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы