Тәуелсіздіктің тұғыры – тұрақтылық

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты атыраулықтар да пікір білдірді. 

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы мамандары сайлау өткізу туралы шешім қабылдаудың өзі – өте маңызды әрі қажетті қадам және бұл ел өміріндегі елеулі оқиға екенін айтады. Сонымен қатар нұротандықтар аймақ тұрғындарының сайлауда өте белсенді болғанына куә болған. 

«Әлем назарын өзіне аударған кешегі саяси додада көпшілік «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдап шықты. Себебі тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындаған жолы, ұстанған бағытының дұрыстығына сенді. Елбасы салған сара да сарабдал жолды одан әрі жалғастырып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына әрі қарай кепіл болады. Сабақтастықтың орын алып, жалғасын тапқанын қалады. Тұрғындардың көтеріңкі көңіл күйде, салтанатты қалыпта сайлау учаскелеріне көптеп жиналғанына кейбір жерлерде кезек күтуіне тура келгендігіне өзім куә болдым. Өзімнің таңдауымды жасап, дауысымды бере отырып, азаматтық парызымды өтегенде қанағаттанарлық сезімде болдым. Елімнің ертеңінің жарқын боларына сендім. Тәуелсіздігіміздің төрт тағаны тұрақтылық, тынышқтық, толеранттылық және татулық»,- дейді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы