Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында болмаған оқиға. Тоқаев ҰҚШҰ-ға алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты.
Бүгінгі кезектен тыс саммиті өткізу қаңтардың бірнеше күніндегі төтенше жағдайларға қатысты болып отыр. Қазақстан ауқымды дағдарысқа тап болды. Бұл сынақтар Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихындағы ең ауыр оқиғаға айналды. Мұндай деңгейдегі қауіпке біздің кеңес те алғаш рет кездесіп отыр. Төраға Нокол Паштнянға қажетті құжаттарды келіскені үшін алғыс айтамын. Ресей басшысы Владимир Путинге де түсіністікпен қарап, бітімгершілік ұжымды Қазақстанға бағыттағаны үшін алғыс білдіремін, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ Президент отырысқа қатысып отырған барлық ел президентіне алғыс айтты.
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Осы күндері біздің қайғымызға ортақтасып жатқан адамдарға алғыс айтқым келеді. ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен штабтың ұжымына алғыс айтамын, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, отырысқа Ресей Президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысып жатыр.