Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда мыңға жуық іс-шара өтеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мерейтойға дайындықты сапалы жүргізу және мерекелеу мақсатында республикалық іс-шаралар жоспары негізінде бірыңғай қалалық жоспар бекітілді. Жоспарды жүзеге асырудың барлық кезеңінде 2021 жылы 953 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 2 шара республикалық, 436 қалалық, 549 аудандық деңгейде өтеді.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, іс-шаралар республиканың 30 жыл ішіндегі жетістіктеріне және әр айдың тақырыптық бағыттарына сілтеме жасай отырып өткізіледі, сондай-ақ негізгі күндер мен мерекелер де ескеріледі.

Биыл маусым айында Мемлекеттік рәміздер күні, Медицина қызметкерлері күні және Полиция күніне орай қаланың барлық аудандарында 70-тен астам түрлі мерекелік шаралар өткізілді. Атап айтқанда: тұрғын үйлердің балкондарына жалаулар ілінді, қалада Әнұран бір мезгілде орындалды, адамдар көп жиналатын жерлерде мемлекеттік тулар таратылды, жалаулары бар авто және мотошерулер, флешмобтар және тағы басқасы. Сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық бейнероликтер дайындалды. Медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін құрметтеуге арналған іс-шаралар өткізілді, - деді ол.

Сонымен қатар Ренат Бекбергенов қалада «Астана күні – 6 шілде» мерекесі кеңінен атап өтілгенін жеткізді.

Қаланың барлық аудандарында 34 іс-шара өтті. Офлайн форматтағы іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып, ашық ауада өтті. Сонымен қатар Астана күніне орай бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға берілді. Барлығы 25 нысан. Оның ішінде Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институты, «Ads Industries» фармзауыты, «Терренкур» жаяу жүргіншілер аймағы, жаңа балабақшалар мен мектептер ашылды, - деді Бекбергенов.

II жартыжылдықта республикалық және қалалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 800-ден астам іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр екен. Мәселен, тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында бірқатар ауқымды іс-шарал өтеді. Олардың қатарында: педагогика қызметкерлерінің Тамыз конференциясын өткізу, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған іс-шаралар, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бірыңғай қалалық сынып сағаты және ашық сабақтар, Ыбырай Алтынсарин монументінің ашылуы мен жаңа білім беру нысандарының ашылуы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы