Тәуелсіздікке тарту
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 және ОВ 156/20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Тәуелсіздік құрдастары ұлттық домбра мен астау жасады.
Жазасын өтеп жатқан сотталғандар мерейтойға арнап жасаған бұйымдарына "Тәуелсіздікке 30 жыл" деп жазған.
ОВ 156/20 мекемесінің сотталғаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған ұлттық бұйымдарын жергілікті мұражайға сыйға тартты, ал ОВ 156/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Болат (аты өзгертілген) өз қолымен жасаған қазақтың ұлттық аспабы-домбыраны мекемеде сабақ берген өзінің алғашқы ұстазы Ақтау Жеңісханұлы Бексолтановқа сыйға тартты. Сотталған мекемеге келген кезде мектепті аяқтамаған. Сондықтан ол мекеменің кешкі мектебіне 8 сыныптан бастап оқуға қабылданып, мектепті аяқтауға мүмкіндік алған. Сабақ берген алғашқы мұғаліміне Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап, алғашқы ұстазына Ерекше домбыра жасап тарту етті.
Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, астау - ұлттық ыдыс. Сондықтан Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық ағаш бұйымдарын жасауды жөн көрдік, - дейді сотталушылар.
ШҚО колонияларындағы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарда Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап іс - шаралар өткізуде.
Олар мерекеге арнап қабырға газеттер, спорттық іс- шаралар, түрлі макеттер жасап, викторина, тенис және ерекше домбыралар жасауда, - деді облыстық Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Ожиканова.